ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ 10
Жакешбаев Нуржан Аблакимович
№10 қосалқы станцияның меңгерушісі
1997 жылдан бастап Алматы қ. ДСБ «ЖМЖҚ» ШЖҚ КМК-ның №7 қосалқы станциясында фельдшер болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап №7 қосалқы станциясының дәрігері болып тағайындалды. 2007 жылы №1 қосалқы станциясының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясында аға дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылы №4 және №5 қосалқы станциялардың меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап №10 қосалқы станциясының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Авазбаев Кахарман Джаландинович
№10 қосалқы станцияның бригадирі
Алматы қ. ДСБ «ЖМЖҚ» ШЖҚ КМК-да 2006 жылдан бастап №4 қосалқы станциясында жүргізуші болып жұмыс істеді, 2011 жылдан бастап №4 қосалқы станциясының аға жүргізушісі болды, 2023 жылдың мамыр айынан бастап №10 қосалқы станциясының бригадирі қызметін атқарып келеді.
Қожаназаров Еркебұлан Жанұзакұлы
№10 қосалқы станцияның аға дәрігері.
2020 жылы Алматы қ. ДСБ «ЖМЖҚ» ШЖҚ КМК-ның №12 қосалқы станциясында шығу бригадасының фельдшері болып жұмысқа кірісті. 2021 жылдың тамыз айынан бастап ИОДО-да шақыруларды қабылдау фельдшері қызметін атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап №9 қосалқы станциясының фельдшері болды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап №6 арнайы бригаданың фельдшері болып жұмыс істеді. 2023 жылдың ақпан айынан бастап №6 қосалқы станциясының фельдшері болды. 2023 жылдың маусым айынан бастап №10 қосалқы станциясының аға дәрігері қызметін атқарып келеді.