1. Алматы қаласында шұғыл медициналық көмек көрсетуді Шұғыл медициналық жәрдем станциясы (ШМЖС) жүзеге асырады.
2. ШМЖС – Алматы қаласының ересек және балалар тұрғындарына жедел ауыр жағдайларда: жедел ауыр аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, жазатайым оқиғалар, жарақаттар, уланулар, жүктілік және босану жағдайларында тәулік бойы тегін шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады. Көмек оқиға орнында да, жолда да көрсетіледі.
3. Шұғыл медициналық көмек көрсету шұғыл медициналық жәрдем бригадалары (ШМЖ бригадалары) арқылы жүзеге асырылады. Олар емдеу-диагностикалық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен (ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес) қамтамасыз етілген және дайындалған медициналық персоналмен толықтырылған.
4. Шұғыл жәрдем бригадасын шақыру үшін «103» нөміріне қоңырау шалу қажет.
5. ШМЖС ШМЖ бригадаларын келесі жағдайларда жібереді:
5.1. Түскен шақыру сипаты мен аурудың профилі бойынша өңделіп, ШМЖ-ның шығу бригадасына беріледі. Шығу бригадалары келесі жағдайларда жіберіледі:
5.1.1. жазатайым оқиғалар, жарақаттар және уланулар кезінде ШМЖ көрсету және пациенттерді тасымалдау үшін;
5.1.2. өмірі мен денсаулығына және айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін аурулар, оның ішінде психикалық аурулар кезінде;
5.1.3. босану және жүктіліктің асқынуы кезінде;
5.1.4. шұғыл медициналық көмекті қажет ететін және госпитализацияға жататын пациенттерді тасымалдау үшін, оның ішінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдары мамандарының шақыруы бойынша.
5.2. БМСК ұйымдары мамандарының шақыруы бойынша шұғыл госпитализацияны қажет ететін науқастарды медициналық ұйымдарға жеткізу үшін.
БМСК дәрігері науқасты тасымалдау үшін ШМЖ бригадасын шақырғанда, өзінің тегі мен жұмыс орнын, атқаратын қызметін айтып, тасымалдау себебін негіздеуі қажет.
6. Шақырудың шұғыл қызмет көрсетуге жататынын Шұғыл медициналық жәрдем станциясының ауысымдағы аға дәрігері шешеді. Байланыс нөмірлері: 103, 279–73–73, 279–85–71. Шақыруды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, аға дәрігер өз тегін айтып, медициналық көмек алу үшін қайда жүгіну қажеттігін (емхана, консультация, диспансер, СВА және т.б.) және тиісті телефон нөмірін көрсетуге міндетті.
7. ШМЖС мына жағдайларда шақыруларды қабылдамайды және шықпайды:
7.1. шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін жағдайларда;
7.2. өмірге қауіп төндірмейтін жағдайларда, БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты ішінде медициналық көмек көрсету қажет болғанда;
7.3. медициналық ұйымдар тағайындаған диагностикалық және емдік процедураларды орындау қажет болғанда;
7.4. госпитализацияны қажет етпейтін зардап шеккендерді, пациенттерді және жүкті әйелдерді тасымалдауда;
7.5. сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамаларды жүргізуде;
7.6. медициналық ұйымдарда консультациялық көмек көрсету үшін;
7.7. стационарлардан пациенттерді үйге жеткізуде;
7.8. куәландыру және өлім туралы акт жасау үшін.
8. Шұғыл медициналық көмекті шақырушы СМЖС диспетчерінің барлық сұрақтарына нақты жауап беруге міндетті. Шақырушының немесе науқастың/зардап шегушінің нақты мекенжайы мен телефон нөмірін (үйге жету жолдары, подъезд есігінің коды), науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы мен жынысын, жағдайы туралы қысқа мәліметтерді және оқиға мән-жайын хабарлауы қажет. Бұл бригаданың профилін дұрыс анықтау және уақытты жоғалтпай мекенжайды табу үшін қажет. Мүмкіндік болса, бригаданы көшеде, үйдің қасында немесе подъезд алдында күтіп алу қажет.
9. Госпитализация қажет болған жағдайда, науқасты туыстары мен таныстары тек шұғыл жәрдем дәрігерінің рұқсатымен және бір адамнан артық емес көлемде бірге жүре алады.
10. Госпитализацияға жеткізілген науқастар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты ШМЖС анықтама бөлімі тәулік бойы келесі телефондар арқылы береді: 279-63-63; 279-82-55.
11. Үйде қалдырылған науқастарға учаскелік дәрігерге арналған, көрсетілген көмектің толық тізімі жазылған сигналдық парақ беріледі.
12. Халықтың қалалық психикалық денсаулық орталығына (ҚПДО) жүгіну негіздері:
12.1. психикалық күйінің бұзылуына байланысты дұрыс емес мінез-құлық (психомоторлық қозу, галлюцинациялар, сандырақ, сананың бұзылу синдромдары), өзін-өзі немесе айналасындағыларды қауіпке ұшырату қаупі;
12.2. суицидтік ниеттермен бірге жүретін депрессиялар;
12.3. терең психикалық кемшілік (ақыл-ойдың кемдігі), тиісті күтімнің болмауы салдарынан өзін-өзі күте алмауы.
Экстренді және жедел психиатриялық көмек ҚПДО-ның жедел психиатриялық көмек бригадаларымен көрсетіледі. ҚПДО диспетчерінің телефондары: 376-55-94, 376-55-96.
13. Шұғыл медициналық жәрдем станциясы келесілерді бермейді:
13.1. еңбекке жарамсыздық парағын;
13.2. сот-медициналық қорытындыны;
13.3. алкогольдік, есірткілік масаңдықты анықтау актілерін;
13.4. ҚР заңнамасында көзделгендерден басқа қандай да бір жазбаша анықтамаларды.
14. Шұғыл медициналық жәрдем бригадасын негізсіз шақырған немесе әдейі жалған мәлімет берген тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы – «Арнайы қызметтерді әдейі жалған шақыру».
15. Қажет болған жағдайда азаматтар және ішкі істер органдарының өкілдері науқасқа немесе зардап шегушіге, сондай-ақ шұғыл медициналық жәрдем бригадаларына қажетті көмек пен қолдау көрсетуге міндетті.