Хабарландыру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталғаны туралы
Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем қызметі» ШЖҚ КМК директорының 2025 жылғы 2 маусымдағы №160-ОД бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 шілдесінен 31 шілдесіне дейін келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:
Кәсіпорын қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен пікірлер 2025 жылғы 5 шілдеге дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: complaence@gmail.ru
, сондай-ақ мына мекенжайда: Алматы қ., Қазыбек би көшесі 115, тел.: 8 (707) 050 2108.
Хабарландыру
Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жариялап талқылау туралы
Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) ТБН № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобаларын орындау жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жариялап талқылауды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылды:
Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК-ның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, қатысқысы келетіндер 2025 жылғы 21 шілдеде сағат 11:00-де Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 115 мекен-жайында өтетін осы талқылауға қатысуға шақырамыз.