Қызметкерлерге қамқорлық жасау
Мұнда өз ішкі ресурсыңызды сақтау, эмоционалдық жүктемемен күресу және ауыр ауысымдардан кейін қалпына келу жолдары туралы айтылады.\
Сіз қарапайым әрі практикалық ұсынымдарды, сондай-ақ психоэмоционалдық жеңілдету топтары туралы ақпаратты таба аласыз.
Өзіңізге қамқорлық жасау — кәсіби күштің бір бөлігі
Жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріндегі эмоционалдық күйіп кету: оны уақытында байқау маңызды
Жедел медициналық жәрдем қызметіндегі жұмыс жоғары эмоционалдық жүктемемен байланысты. Шұғыл жағдайлар, уақыттың жетіспеуі, науқастың өмірі үшін жауапкершілік, ауырсынумен, агрессиямен және үреймен бетпе-бет келу — мұның барлығы тіпті ең төзімді мамандардың да ішкі ресурсын біртіндеп азайтады.
Эмоционалдық күйіп кету — әлсіздік те, жеке кемшілік те емес. Бұл — созылмалы күйзеліс пен шамадан тыс жүктемеге психиканың табиғи жауабы.
Эмоционалдық күйіп кетудің белгілері
- демалғаннан кейін де кетпейтін созылмалы шаршау;
- ашуланшақтық, агрессияның байқалуы немесе, керісінше, эмоциялық «босап қалу»;
- зейіннің және ынтаның төмендеуі;
- жұмыстың мағынасыз болып көрінуі;
- физикалық белгілер: бас ауыруы, ұйқының бұзылуы, бұлшықеттердің кернеуі.
Егер күйіп кетуді елемей жүре берсе, ол жұмыс барысында қателіктерге, денсаулықтың нашарлауына және мамандықты тастауға әкелуі мүмкін.
Неліктен күйіп кетудің алдын алу маңызды ?
Қызметкерлердің эмоционалдық жағдайымен жұмыс жүргізу:
- кәсіби қателіктер қаупін төмендетеді;
- күйзеліске төзімділікті арттырады;
- ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсартады;
- кәсіби тиімділік пен денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Тұрақты психоэмоционалдық жеңілдету — демалыс режимін сақтау немесе еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау сияқты, кәсіби гигиенаның маңызды бөлігі