ТМККК

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды.
ТМККК-ға алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек, санитарлық авиация, медициналық жедел жәрдем, стационарлық және басқа да көмек кіреді.
Алматы қаласының Медициналық жедел жәрдем қызметінде ТМККК беру туралы ақпаратты "Алматы" телеарнасының журналистеріне директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Андрей Анатольевич Ложкин түсіндірді.

https://youtu.be/irJwVqT6XH0?si=nxuki33NM7MMukz6

WhatsApp Image 2025-01-17 at 17.24.40.jpeg