ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

      2024 жылдың 21 желтоқсанында, таңертеңгі 9.04-те толғақ басталғаны жайлы шақыру келді. Шақыру орнына тоғыз минуттан кейін 7/36 бригадасы келді. Фельдшер 38 апталық мерзіммен ауыр аяқты 26 жастағы әйелді қарап, іштің ауыруы диагнозымен ауруханаға алып кетпек болды.                                                       

Төтенше жағдайда таңғы сағат 09:35-те әйелдің күйеуінің, фельдшердің қатысуымен ол жедел жәрдем көлігінде босанды. Дүниеге қыз бала келді. Сәбидің денсаулығы жақсы. Ол анасымен бірге №4 перзентханаға аман-есен жеткізілді.

    2024 жылдың 15 желтоқсанында таңғы сағат 7:00 шамасында №5 қосалқы станция жүргізушісі ауысым кезінде кеудесінде ыңғайсыздық сезінді. Ол фельдшер орналасқан диспетчерлік бөлмеге жүгінді.  Жүргізуші өзін жаман сезініп тұрғанын айтып үлгеріп, есінен танып қалған.

Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу кезінде ауысымдағы медицина қызметкерлерінің жедел ден қоюы мен үйлесімді жұмысы әріптестерінің өмірін сақтап қалды және жағдай тұрақтанғаннан кейін ол ОКҚБ реанимация бөлімшесіне жеткізілді.

     Медициналық жедел жәрдем қызметіне жүргізушінің жұбайы күйеуінің өмірі үшін күрескен әріптестеріне зор алғысын білдірді.

"Сіздер, жұмысы ең құнды-өмір сыйлаймын батырсыздар. Сіздің кәсібилігіңіз бен адалдығыңыз үлкен құрмет пен ризашылықты тудырады". Қазіргі уақытта қызметкер үйде дәрігерлердің бақылауында, өзін қанағаттанарлық сезінеді.

Құтқаруға жоғары кәсібилігі, төтенше жағдайға төзімділігі, жоғары деңгейде білікті медициналық көмек көрсеткені үшін қатысқан барлық қызметкерлерге жедел жәрдем әкімшілігі "AQNIET" және "SENIM"кәсіподақтарының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен алғыс білдірді.

Сонымен қатар, екі мерейтой иесін 60 жылдығымен құттықтады.

      

ДЖАМБУРБАЕВУ ШОЛПАН СЕЙТЕНОВНА – №5 ҚС/ПС санитар / санитарка

ТАЖИЕВА АХИХАТА БАЙСЕРКЕЕВИЧА - №8 ҚС/ПС жургізушісі / водитель

Сотрудники смены, принимавшие участие в спасении коллеги п/с 5:

ШЕФЕР ОКСАНА ВАЛЕРЬЕВНА №5 ҚС/ПС фельдшер

ДЕМЧЕНКО НАДЕЖДА АЛЕКСАНДРОВНА №5 ҚС/ПС диспетчер

ШАУКЕЕВА САЛТАНАТ НУРЛЫБАЕВНА №5 ҚС/ПС дәрігер/врач

ЮЛЧИЕВ АУЕЛБЕК ТУРДИМАТОВИЧ №5 ҚС/ПС дәрігер/врач

КӘРІМ ЖАСҰЛАН АСЫЛБЕКҰЛЫ №5 ҚС/ПС дәрігер/врач

ШЕРІПБАЙ ЕРНАР ТАЛҒАТҰЛЫ №5 ҚС/ПС дәрігер/врач

КЕРИМКУЛОВА АРАЙЛЫМ КОНЫСКЫЗЫ №5 ҚС/ПС фельдшер

ЛОБАНОВА НАТАЛЬЯ АНАТОЛЬЕВНА №5 ҚС/ПС фельдшер

СУЛЕЙМАНОВ АМАНЖОЛ РАШИТОВИЧ №8 ҚС/ПС жургізушісі / водитель

 Screenshot 2025-01-17 104820.png

WhatsApp Image 2025-01-15 at 15.57.51 (5).jpegWhatsApp Image 2025-01-15 at 15.57.51 (4).jpegWhatsApp Image 2025-01-15 at 15.57.51 (3).jpegWhatsApp Image 2025-01-15 at 15.57.51 (2).jpegWhatsApp Image 2025-01-15 at 15.57.51 (1).jpegWhatsApp Image 2025-01-15 at 15.57.51.jpeg