ҚЫЗМЕТ ҮШІН АЛҒЫС

Директор Арман Тойбеков Алматы қаласының «Медициналық жедел жәрдем қызметі» әкімшілігімен бірге барлық бөлімшелердің әсіресе кіші станциялардың қызметкерлеріне: диспетчерлерге, дәрігерлерге, фельдшерлерге, жүргізушілерге, санитарларға және меңгерушілерге жаңа жылдық мерекелері мен демалыс күндеріндегі үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтады.
31 желтоқсанды қоса алғанда, төрт демалыс күні ішінде барлығы 23 625 өтініш келіп түсті, бригадалар - 16 268 шақыруды орындады.
Осы күндер ішінде шақыруларды бірінші болып қабылдап, кеңес берген Ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімнің қызметкерлеріне жеке алғыс білдіріледі.
Ең қиын және стрессті жағдайларда да сіздердің оптимизмдеріңізді сақтап отырғандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Сіздердің әрқайсыларыңыз Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының денсаулығы үшін біздің ортақ ісімізге өз үлесін қосатын ерекше тұлғаларсыздар.
Сіздерге амандық, төзімділік, ынталылық және қаржылық әл-ауқат тілейміз!

8