СӘТТІ РЕАНИМАЦИЯ ҮШІН НАУҚАСТЫҢ АЛҒЫСЫ

2024 жылғы 21 тамызда Жетісу ауданы Көкмайса шағын ауданында № 7 қосалқы станциясының жедел жәрдем бригадасы 71 жастағы пациенттің өмірін сақтап қалды.

 

Шақыру орнында 23 бригаданың дәрігері Шугаева Баян пациенттің ЭКГ-сін алып, ауқымды инфарктті анықтады. Науқасты алғаннан кейін жедел жәрдем машинасы дабыл қағып, жедел түрде ауруханаға бағыт алды, бірақ жолда ер адам клиникалық өлімге ұшырады. Бригада жүрек ритмдағы мен гемодинамиканың сәтті қалпына келуіне әкелетін реанимациялық шараларды дереу бастады.

 

Денсаулығын сауықтырған пациент ауруханадан шыққаннан кейін  түрде № 7 жедел жәрдем қосалқы станциясына келіп, бригадаға, дәрігер Шугаева Баян Сламқұловнаға, фельдшер Нәби Нұрлан Әділұлына және жүргізушісі Қошанов Қайрат Сомбайұлына жедел жеткізгені үшін алғысын білдірді.    

 

Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметінің» директоры Арман Серікбайұлы Тойбеков әрдайым әріптестеріне алғысын білдіре отырып, бригаданың жұмысына табыс және отбасына амандық тіледі.