СӘТТІ РЕАНИМАЦИЯ

Жаздың ыстық күндерінде, Алматы қаласының қоғамдық көліктерінің бірінде жолаушының жүрек тоқтауымен жүрек талмасы болды. 6 минут ішінде оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келді.

 

Науқастың өмірі дәрігер Скрипнистая Ольга Борисовна, фельдшер Құлатай Әділбек Талғатұлы және жүргізуші Абаев Әбдікәрім Тоқтасұлының қолында болды. Санаулы секундтардың ішінде дәрігер диагнозды анықтап, бригада ауыратын пациенттің өмірін құтқару үшін сәтті реанимациямен кәсіби түрде қажетті іс-қимылдар жасады.

 

Қабылдау бөлмесіне хабарласып, пациентті тез арада № 7 қалалық ауруханаға жеткізді. Ауруханадан шыққаннан кейін дертінен айыққан пациент жедел жәрдемнің № 2 қосалқы станциясына барып, бригадаға алғыс айтты.

Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметінің» директоры Арман Серікбайұлы Тойбеков әріптестеріне алғысын білдіре отырып, «Адамдардың өмірін сақтап қалу арқылы сіздер жағдайды нақты анықтап, шұғыл медициналық көмек көрсете алатындарыңызды мақтан тұтамыз», - деп атап өтті.

13

13

13

14

15