ЖҰМЫСТАН ТЫС СӘТТІ РЕАНИМАЦИЯ

Ыстық тамыз айының ортасында Алматы қаласының бір ірі сауда орталығына келген қарт әйелдің жүрегі тоқтап, есінен танып қалды, оның бақытына орай, жанында екі медицина қызметкері болды. Жақында тұрған екі дос кідірместен жиналған халыққа асығып, келушіге сәтті реанимациямен шұғыл медициналық көмек көрсетті. Медициналық жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жігіттір тамыр соғысын және тыныс алуын тексерді. Олар бірден жүрекке тікелей массаж жасауға (жүрек-өкпе реанимациясы) және жасанды дем алтуға кірісті. Содан кейін әйелдің тамыр соғуы мен жүрек соғысы қалпына келді. Жедел жәрдем бригадасы келіп, науқасты аман-есен ауруханаға жеткізді.

 

«Mega Center Plus «ЖМАИҚ» АҚ әкімшілігі өз басшылығының атынан «Mega Alma-Ata» СОО келушісіне дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсеткендері үшін Жұмахан Әділ Жайықұлына Медициналық жедел жәрдем қызметінің № 3 қосалқы станциясының фельдшеріне және МЖЖА қызметшісі Қанат Ринат Қанатұлына алғыс хаттар берді.

 

МЖЖҚ-дегі қызметін Әділ 2019 жылдан бастап фельдшер болып бастады. Осы уақыт ішінде тек медицина саласында ғана емес, өзінің белсенділігін бірнеше рет көрсетті. Мысалы, Әділ екі жыл қатарынан 2023 және 2024 жылдардың ең үздік қақпашысы атағына ие болды.

 

Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» басшылығы осындай мамандардың ең қиын сәтте көмекке келуге дайын екенін мақтан тұтады.

 

 34

 33

 35

 36

 37