БЕЛСЕНДІ ПРОФОРГ

«AQNIET» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы дәріскер Шырын Иранбекованың қатысуымен «жоғары жеке тиімділік дағдыларына негізделген кәсіподақ көшбасшыларының медиативтік құзыреттіліктері» тақырыбы бойынша екі күндік семинар өткізді.

Бақытжан Арынұлы Тәжібаев белсенді қатысушыларға бас жүлдені-Самара қаласына сапарды айқындап, өз командасы үшін белсенді, жаны ауырған әріптесімізді, Алматы қаласының «Медициналық жедел жәрдем қызметі» профоргы Әзімходжа Әбдімәжіт Әлішерұлын таңдап алғаны ең қуанышты жаңалық болды.

МЖЖҚ әкімшілігі шын жүректен құттықтайды және семинарға белсенді қатысқаны үшін Әбдімәжіт Әлішерұлына алғысын білдіреді.