«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Апта сайынғы кеңесте мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихын «SENIM» кәсіподағының төрайымы Абилдаева Айгерим Ерболовна оқыды.
Мемлекеттік әнұранның басты міндеті - өз елі үшін мақтаныш сезімін оятып, адамдарды біріктіру. Еліміздің басты әнін орындау барысында үлкен құрмет пен отансүйгіштіктің белгісі ретінде Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» қызметкерлері қолдарын жүрекке қойып, мемлекеттік әнұранды орнындарынан тұрып орындады.