Наурыз айының қорытындысы бойынша Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» әйелдер қауымын «8 наурыз» – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады!

      Наурыз айының қорытындысы бойынша Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» әйелдер қауымын «8 наурыз» – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады! Онда әйелдердің басым көпшілігі «AMANAT» партиясының, Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің, МЖЖҚ директоры А.С. Тойбековтің, «SENIM» және «AQNIET» салалық кәсіподақтары құрмет грамоталарымен марапатталды. Әйел қызметкерлерге МЖЖҚ директорының марапаттарлары директордың орынбасарлары: Ш.Ш. Бадиров, А.А. Ложкин, А.П. Бурда және Б.И. Тулеев табыс етті.

      Әйелдер мерекесі күнінен кейін, көктемгі Наурыз мерекелерінде МЖЖҚ-нің кезекті апта сайынғы кеңестерінде дәстүр бойынша мерейтой иелері мен еңбек сіңірген демалысқа шығатын қызметкерлерді құттықтады.

     Барлық салтанатты іс-шараларда директор Арман Тойбеков марапатталған қатысушыларды, туған күндерін және МЖЖҚ барлық әріптестерін көктемгі мерекелерімен құттықтап, жақсы жаңалықтарымен бөлісті және бүкіл ұжымды және мерейтой елерін, еңбек сіңірген демалыстарымен құттықтады, «Senim» кәсіподағының төрайымы Айгерим Ерболовнамен бірге әріптестеріне медаль, құттықтау дипломдары, сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

    Құрметті әріптестер! Сіздерді мерейтойларыңызбен, марапаттарыңызбен және зейнетке шығуларыңызбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздер, әдеттегідей, көп жылдар бойы өз күштеріңізді аямай, азаматтарымыздың денсаулығы үшін еңбек етіп келесіздер, кейде тіпті демалыстарыңызды да ұмыттыңыз! Енді Сіздер демалуға, сүйікті ісіңізбен айналысуға және өз туысқандарыңызбен және достарыңызбен көңілді уақыт өткізе аласыздар.

Баршаңызға отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!