ЖОСПАРЛЫ ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауы бойынша  2024 жылдың 23 ақпанында Алматы қаласында таңғы сағат 10.00-де Алматы қаласының «Медициналық жедел жәрдем қызметінде» жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық тексеру жүргізілді.

Аумақты сейсмикалық тексеру аясында МЖЖҚ жұмысшыларымен тәжірибелік іс-шара өткізілді, бұл туралы Алматы қаласы ТЖБ «Медициналық жедел жәрдем қызметінің» директоры Арман Серікбайұлы Тойбековке қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Өтеген Азаматұлы Қанаев баяндады. Оқу-жаттығу кезінде Алматы қаласы ҚДСБ «МЖЖҚ» директоры Арман Тойбеков жұмысшылардың алдында сөз сөйлеп, аталған жаттығудың қажеттілігі туралы түсіндіріп, жер сілкінісі және жер көшкіні сияқты төтенше жағдайлар кезінде қырағылық пен сақтық, дабыл чемоданына дейін әрдайым дайын болу қаншалықты маңызды екенін ескертті.