2 жастағы пациентті сәтті реанимациялау

2024 жылғы 2 ақпанда сағат 17.00-де Көкжиек шағын ауданынан 103 шақыру келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша - 2 жасар баланың тыныс алуы қиын. 9 минуттан кейін шақыру орнына Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» № 87 қосалқы станциясының 7 қарқынды терапия бригадасы келді. МЖЖҚ дәрігері Р.А. Мәсімова тыныс алу жолдарының бөгде денесі диагнозын қойып, реанимациялық іс-шара өткізген соң баланы шұғыл түрде ауруханаға жатқызуға шешім қабылдады.

Қарбалас уақытта жедел жәрдем Алматы қаласының Балалар медициналық жедел жәрдем орталығына барады. «ОБККМК  жедел хирургиясының қабылдау бөліміне 103 диспетчеріне шақыру былай болды:» пациентке 2 жаста, аспирациялық синдром, реанимациялық бригаданы дайындаңыздар». Құрамында 7 маман бар дәрігерлер бригадасы ремзалда күтіп тұрды, бірақ пациенттің клиникалық өліміне байланысты МЖЖҚ бригадасы сәтті нәтижемен қайтадан реанимациялық іс-шаралар жүргізді және жағдайы ауырлығына байланысты кішкентай пациент Қазыбек би  көшесіндегі жедел жәрдем қалалық ауруханасына жеткізілді. Сол кезде реанимация бригадасы ОБККМК реанимация бригадасының өзі екі жасар балаға барды. Бала келгеннен кейін бірден ҚЖККЖА реанимация залына ауыстырылды, онда реаниматологтар Геймлихтың тәсілімен бөгде денені алып шығуға бірнеше рет тырысты, өкінішке қарай, нәтижесіз болды. Бөтен  дене  баланың кеңірдегіне тығылып қалды. Баланың жағдайы нашарлап, сатурация азайды, бала көгере бастады, ҚЖККЖА реаниматологтары мен хирургтері шұғыл түрде интубация жасады. Интубация кезінде тыныс алу жолдарын ашуға мүмкіндік туды, осылайша балалар ауруханасынан дәрігерлер келгенге дейін баланың жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік туды.

Мамандар келген соң ОБККМК -дан бронхоскопияның көмегімен баланың тыныс алу жолдарынан үрме бұршақ алынды. Тағы бірнеше сағат бойы пациенттің жағдайы ҚЖККЖА реанимация залы жағдайында тұрақтандырылды, содан кейін бала одан әрі емдеу үшін ОБККМК-ға ауыстырылды. Кішкентай пациенттің сауығу кезеңінде денсаулығының жақсаруына байланысты үйге шығарылды.

Мамандар ата-аналардан ұқыпты болуды және сақтық шараларын сақтауды сұрайды, нақ осы жас кезінде балалар тыйым салынған заттарды жұтып алады.

7/87 бригадасының құрамында: Дәрігер Мәсімова Рисолят Асымқызы, фельдшер Өтеғұлов Досбол Қуанышұлы, жүргізуші Байғұлов Ерлан Шағанұлы.