ДЕНСАУЛЫК САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ

Тағы бір қуанышты жаңалығымызды, біздің жұлдызымыз бен Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметінің» мақтанышымен бөлісуге асығамыз.

Қазақстанның Медицина жұмысшылары қоғамының шешімі бойынша денсаулық сақтауды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Сманова Бота Бекенқызы «Денсаулық сақтау үздігі» орденімен марапатталды!

Бота Сманова 1964 жылы туған, медицина саласында 41 жыл жұмыс істеген. 1983 жылы Талғар медицина колледжінің «емдеу ісі - фельдшер» мамандығын бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласындағы студенттік емханада бастаған, қазіргі уақытта Алматы қаласының МЖЖҚ-нің № 10 қосалқы станциясында фельдшер болып жұмыс істейді. Бота Бекенқызы өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайды, жұмыста жоғары кәсіби маман болу үшін әрқашан төзімділік, талап етушілік, жігерлілік пен жауапкершілік, табандылық пен шыдамдылық танытады, қиындықтарға тап бола отырып, ол білімін үнемі жетілдіріп отырады.

«Медицина көп уақытты, білімді және күш-жігерді талап етеді. Жедел жәрдем фельдшерінің жұмысы күрделі, бірақ қызықты. Фельдшер жоғары жауапкершілікпен және адал ниетпен шешім қабылдап, адамдарға кәсіби көмек көрсетуде батыл қадамдар жасайды, қай жерде болса да, пациенттерге шұғыл және дәрігерге дейінгі көмек көрсету - бұл жедел жәрдем фельдшерінің үлкен міндеті, онда қателесуге болмайды, сондықтан мен осы мамандықты таңдадым», - деп бөлісті Бота Сманова.

Әріптесіміз Бота Бекенқызы Сманованы еңбек сіңірген наградасымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге кәсіби тәжірибеңізді жас кадрларға бере отырып, жұмысыңызды жалғастыруды, мықты денсаулық, жұмыста табыс және отбасында амандық-саулық     тілейміз!

Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК-ның директоры Арман Тойбеков.