АЛМАТЫ Қ. ҚДБ " МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ" ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ.

ОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИ

2023 жылдың 9-13 қазан аралығында, Алматы қаласының "Медициналық жедел жәрдем қызметі" директоры Тойбеков Арман Серікбайұлының басшылығымен ағымдағы жылдың 9 айында МЖЖҚ 12 қосалқы станция мен бөлімше қызметінің қорытындысы бойынша көшпелі есептік кездесулер өткізілді.

Кездесулерде есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 12 қосалқы станция меңгерушілері, Ақпараттық - жедел диспетчерлік бөлім меңгерушісі Е. Н. Қожабеков, директордың медициналық бөлім (Батыс) орынбасарлары Ш.Ш. Бадиров пен (Шығыс) А.А. Ложкин және Әкімшілік-басқару персоналы бойынша қорытынды есеппен директордың Стратегиялық даму жөніндегі орынбасары П. А. Бурда баяндама жасады. Есепті кезеңде атқарылған жұмыстарды қорытындылай отырып, жеткен жетістіктер, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары, сондай-ақ 2024 жылға жоспарланған іс-шаралар талқыланды.

Өз кезегінде МЖЖҚ қызметкерлері әкімшіліктен және бөлімше басшыларынан туындаған барлық сұрақтарға жауап алды.

 

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.15.06

 

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.17.00

 

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.15.31

WhatsApp Image 2023 10 19 at 13.04.23

 

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.16.59 1

 

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.15.05

 

WhatsApp Image 2023 10 19 at 13.07.41