"Жер-2023" оқу-жаттығуы аясында 2023 жылғы 11 қыркүйекте

 

"Жер-2023" оқу-жаттығуы аясында 2023 жылғы 11 қыркүйекте сағат 10.00-де Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық мақсатта жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өткізді.
Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ "Медициналық жедел жәрдем қызметі" КМК-ның барлық қызметкерлері "Баршаның назарына!" электр беру желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан қауіпсіз жерге ашық алаңға эвакуацияланды.
Осындай жаттығулардың маңыздылығы туралы оқу-жаттығу кезінде "Медициналық жедел жәрдем қызметі" директорының м.а. Арман Серікбаевич Тойбеков және Кәсіпорынның Төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженер Мурат Рахманович Боранбаев сөз сөйледі.