Алматыда вело маусымы басталды

14 04 2019 1

14 сәуірде отбасылық вело маусымының ашылуына, балалар, зейнеткерлер және велокөлікті әуесқойлар үшін веложарыс басталды.

Маршрут Мемлекеттік цирктен Абай даңғылымен Желтоқсан көшесіне дейін, одан әрі Желтоқсан көшесімен Гоголь көшесіне дейін, Гоголь көшесімен шығыс бағытта Мәдениет және демалыс саябағына дейін шамамен 7 шақырымды құрады. Парадқа велосипед әуесқойлары ғана емес, сонымен қатар дөңгелекті көліктің басқа түрі: самокаттар, скейтбордтар, гироскутерлер мен роликтер иелері де қатысты.

Велошеруді Алматы қаласының «103» қызметі ұйымдастырды, онда қатысушыларды алғашқы медициналық көмек көрсету үшін арнайы рюкзактармен жабдықталған веловрачтар алып жүрді. Веловрачтар бір уақытта жарысқа қатысып, қажет болған жағдайда көмек көрсете алды.