Алматы қ. «103» қызметінің № 3 қосалқы станциясының қызметкерлері Татьяна Васильевна Земцоваға профилактикалық тексеру жүргізі

IMG 20181031 WA0001«Қарттар айы» акциясы аяқталуға да жақын, құрмет жасындағы қалалықтар Алматы қ. «103» қызметі қосалқы станцияларының мамандары өткізген білікті тексеруден өтті.

Бұл акциядан бұрынғы әріптестер де шетте қалған жоқ. «103» қызметінің ардагері Земцова Татьяна Васильевна № 3 қосалқы станция бригадасының келген сапарына таң қалды. Ол көп жылдар бойы осы қосалқы станцияда шаруашылық-бикесі қызметін атқарған еді. Алдын алу тексеруден өткен Татьяна Васильевна алғыс айтып, «103» қызметіне табыс тіледі.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

 ШЖҚ МКК «медициналық жедел жәрдем станциясы»

Баспасөз қызметі