Жыл сайын 1-ші қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Алматы қ. «жедел медициналық жәрдем станциясы» № 4 қосалқы стансиясының қызметкерлері «Қарттар айы» акциясына қатысып, бір ай бойы құрмет жасындағы пациенттерге бірнеше алдын алу тексерістерін жүргізді. Тексеру кезінде қандағы қант деңгейіне талдау алынды, дәрігерлер электрокардиограмма (ЭКГ) көрсеткіштерін алды, қан қысымын (АҚ) өлшеді. Кеңес өткізіліп, ұсыныстар берілді.
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы
ШЖҚ МКК «медициналық жедел жәрдем станциясы»
Баспасөз қызметі