Алматы қ. « 103» қызметінің № 4 қосалқы станциясы «Қарттар айы» акциясы аясында қарттарды қарап шықты

4569f9fb e838 4a92 8dba 827770e46e84

Жыл сайын 1-ші қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Алматы қ. «жедел медициналық жәрдем станциясы» № 4 қосалқы стансиясының қызметкерлері «Қарттар айы» акциясына қатысып, бір ай бойы құрмет жасындағы пациенттерге бірнеше алдын алу тексерістерін жүргізді. Тексеру кезінде қандағы қант деңгейіне талдау алынды, дәрігерлер электрокардиограмма (ЭКГ) көрсеткіштерін алды, қан қысымын (АҚ) өлшеді. Кеңес өткізіліп, ұсыныстар берілді.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

ШЖҚ МКК «медициналық жедел жәрдем станциясы»

Баспасөз қызметі