Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясында» медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

IMG 0030Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК конференц залында Аудандық медициналыұ ұйыммен бірге ұйымдастырылған медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара медициналық ұйымдардың қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтауға және алғыс хаттарын беруге келген Алматы ауданы әкімі орынбасарының, қаланың денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының қатысуымен өтті. Сонымен қатар «103» Қызметінің қызметкерлерін басшы және «Медик» кәсіподағының атынан наградтау өтті.

Мерекелік іс-шара «жедел жәрдем» дәрігерлері мен фельдшерлері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды, оған медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен арнайы құттықтауға келген қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысты.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі