Алматының Іле-Алатау саябағында «Алау-2018» оқулары өтті

IMG 1770«Алау-2018» жыл сайынғы оқулары Іле-Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағының территориясында өтті. Сценарий бойынша тауда өрт болды. Ормандардың авиа-күзетінің алматы бөлімінің байқаушы ұшқышы Алма-Арасан шатқалыны4 батыс бөктерінде 3 Га астам алаңда өсімдік жабынының өртенуін байқады. Өрт туралы бірден радиодиспетчерлік қызметке хабарлады, олар оперативті түрде орман саябағының өрт сөндіру техникасын өртену орнына жіберді. Қарым-қатынас жоспарына сәйкес  хабарлама «101» және «112» қызметтеріне түседі. Қатты желдің кесірінен өрт тез орман саябағының кең территориясына таралды, оттың жақын демалып жатқан туристердің шатырларына ауысу қаупі төнді.

Орман шаруашылығының өкілдеріне көмекке өрт-құтқару бөлімшелері, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК «Казавиаспас» АҚ тікұшақтары, «Казавиалесохрана» және «Алматы қ. Құтқару қызметтері» келді. Өрт ошағына су себілді және мүмкін зардап шеккендерді іздеу үшін ТЖ аймағына құтқарушылар түсірілді.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» бригадалары құтқарушылардан өрт кезінде зардап шеккендерді қабылдады. Орнында алғашқы медициналық көмек көрпсетілді және қаланың жақын орналасқан стационарларына тасымалданды.

Оқуға Алматы қаласының ТЖД, Алматы қаласы және Алматы облысының «Қ және АҚЖ Қ» ММ, «Казавиаспас» АҚ, «Алматы қ. құтқару қызметі», «Казавиалесохрана» РМҚК, «Медео» Мемлекеттік ұлттық табиғи саяябағының, «Апат медицина орталығының» ММ, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының», Алматы қ. ІІД, «Тазалық» МКК және Алматы қаласы сауда қызметінің күштері мен құралдары қатыстырылды.

Оқуға барлық қызметтердің жеке құрамының шамамен 124 адамы, арнайы техниканың 22 бірлігі және әуе кемесінің 3 техникасы жұмылдырылды.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі