Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» командасы Литвада өткен Халықаралық жарыстарды жүлделі орынға ие болды

IMG 20180520 WA000717 мамырдан 19 мамырға дейін қоса Паланга қаласында түрлі мемлекеттердің 31 командасы қатысқан жедел медициналық көмек көрсету бойынша XII Халықаралық жарыстары өтті.

Қатысу барлық командалардың алдын ала екі күндік дайындығынан басталды. Тағы да екі күн командалар көмек көрсетудің әр түрлері бойынша жарысты, бұл түрлі жарақаттар, босанулар, жүрек-өкпе реанимациясы, жаппай зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, уланулар, МҚЖЖ және өзге де стандартты емес жағдайлар.

Жарыстың басты мақсаты қатысушылар арасында тәжірибе мен білім алмасу болды. Командалар тоғыз түрлі кезеңнен өтті. Жарыс барысында командалар Американдық жүрек ассоциациясының (AHA American Heart association), Еуропалық реанимациялық кеңестің (ERC European Resuscitation Council) жаңа нұсқаулықтарын басшылыққа алды.

Жарыстарда Алматы командасын команда басшысы - №6 қосалқы станция меңгерушісі Шайхидин бадиров, №2 қосалқы станцияның қарқынды терапия бригадасының дәрігері – Бекзат Еспергенов, №8 қосалқы станцияның қарқынды терапия бригадасының дәрігері Динмуханбет Батырбеков және №8 қосалқы станцияның фельдшері Ержан Джандралиев таныстырды.

Халықаралық төрешілердің бағасы бойынша екінші орын жақсы нәтиже көрсеткен Алматы командасына берілді.

Литвада жедел медициналық көмек көрсету бойынша жарыстардың ұйымдастырушылары Литваның жедел медициналық көмек көрсету мекемелерінің Ассоциациясы, «Krizių tyrimo centras» ЖАҚ («Дағдарыстарды зерттеу Орталығы»), Литваның шұғылл медицина Қоғамы және тағы басқа серіктестер болды.

 

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі