Алматы қ. «103» Қызметінің №4 қосалқы станция қызметкерлері аса қауіпті инфекциялар бойынша оқуға қатысты

IMG 20180517 WA0029Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» №4 қосалқы станция қызметкерлері №33 Қалалық емханамен ұйымдастырылған аса қауіпті инфекциялар бойынша бірлескен оқуға қатысты.

Сценарий бойынша, жылы жақтан демалыстан қайтып келген әйел адам емханаға келді. Келгенде өзін нашар сезініп, дәрігердің көмегін алу үшін емханаға келді, дәрігер қарап-тексергеннен кейін оның аса қауіпті инфекциямен ауырғанын анықтады. Стационарға тасымалдау үшін «103» Қызметінің бригадасы шақырылды.

Оқуды өткізу аса қауіпті инфекциясы бар науқастармен қатынасқанда және оларға көмек көрсетке кездле емхана мен «жедел жәрдем» қызметкерлерінің іс-әрекеттерін орындауға мүмкіншілік берді.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі