№4 ҚКА территориясында «Апат медицинасы-2018» арнайы-тактикалық оқу өтті

IMG 1482Ұлттыұ Медициналық Ассоциациясының IX Бас Ассамблеясы аясында  16 мамырда №4 ҚКА территориясында Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» бригадалары қатысқан «Апат медицинасы-2018» арнайы-тактикалық оқу өтті.

Оқудың ниеті бойынша нәтижесінде адамдар жарақаттанған ірі ауқымды төтенше жағдай болды. ТЖ орнына Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының, «Апат медицинасы орталығы» филиалының, ҚР ІІМ ТЖК «Казавиаспас», Алматы қ. «103» Қызметінің, «Қызыл крест және жарты ай» Қоғамының күштері мен құралдары, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің ерікті адамдары, «Защита» Бүкілресейлік апат медицина орталығының қызметкерлері, сондай-ақ байқаушылар ретінде Болгария, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінің медициналық қызметкерлері қатысты.

Зардап шеккендерге орында «103» және АМО бригадарымен алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендерді ТЖ аймағынан тасымалдау үшін «Казавиаспас» борты ұшып келді. Барлық зардап шеккендер қала стационарларына жеткізілді.

Оқудың негізгі мақсаты қаланың денсаулық сақтау ұйымдарының дайындығын және олардың ірі ауқымды төменше жағдайда зардап шеккендердің жаппай түсуі жағдайында «АМО» және «Казавиаспас» филиалдарының күштерімен қарым-қатынасын тексеру болды.

 

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі