9 мамыр – Жеңіс күні

IMG 1420

Таңертең, 9 мамырда Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары Жеңіс күнін мерекелеуді даңқ Мемориалына гүл қоюдан бастады. Алматылықтар «Астана» алаңынан 28-гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін «Мәңгілік полк» шеруіне қатысты. Бұл күні мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен республика әртістері мен өнерге еңбегін сіңірген қайраткерлердің орындауында соғыс жылдарының өлеңдері мен әндері ардагерлер мен паркте жиналған қала тұрғындары үшін орындалды.

Парктің әрбір бұрышында мерекелік ахуал болды, өлеңдер айтылды, ардагерлер жас ұрпақтармен еске түсіргендерімен бөлісті.

Іс-шараның медициналық сүйемелдеуі Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» бригадаларымен ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шара кешке «Астана» алаңындағы салютпен аяқталды.

 

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК
Баспасөз қызметі