Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» №8 қосалқы станциясы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барды

05 05 2018

Алматы қ. «103» Қызметінің №8 қосалқы станция қызметкерлері Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Кайысбек Дейсенбайулы Байсалбай мен оның әйеліне барып келді.  Ол жас дәрігерлерге өткен соғыс жылдарынан көптеген қызық әңгімелер айтып берді. Бригада профилактикалық қарап-тексеру өткізді, артериялық қан қысымын өлшеді, қандағы қант мөлшерін тексерді. Кездесу соңында ерлі-зайыптылар үшін фельдшер бірнеше өлең айтып берді.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі