Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» «Қоңыс-2017» Республикалық топтық-штабтық оқуға қатысты

«Қоңыс-2017» Республикалық топтық-штабтық оқу Алматыда 12 желтоқсанда сағат 15.00-де «Барлығының назарына!» сигналымен басталды. «103»Қызметі қала қызметтерінің құрамында қатысты.

Оқу барысында Алматы қ. ТЖ жөніндегі Департамент тұрғындарды авто және теміржол көліктерімен қауіпсіз аудандарға эвакуациялау бойынша тәжірибелік іс-шараларды орындады. 217 жиналу эвакуациялық пункт дайындыққа келтірілді, олардың біреуінде, Бостандық ауданының №93 жалпыға білім беретін мектеп территориясында Штаб ұйымдастырылды, шатырлы лагерь ашылды. Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» бригадалары ҚР ІІМ ТЖК «Апат медицина Орталығының» және Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қызметкерлерімен бірге мүмкін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.  

Іс-шараға ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеттің аймақтың бөлімшелерінің күштері мен құралдары, Алматы қ. ТЖД құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ қаланың азаматтық қорғаныс қызметтері қатысты. 500-ден астам адам және 40 бірлік техника іске қосылды.