Тұншықтырғыш газбен уланған кезде не істеу керек және қандай алғашқы медициналық көмек көрсету керек екені туралы мектеп оқушылары «103» Қызметінен интерактивті сабақта білді

Жылыту маусымы басталуымен пеш жабдығын пайдаланған кезде тұншықтырғыш газбен улане қаупі ұлғаяды.

 

 

Әдеттегідей, бұл қожайындары пеш жабдығын пайдалануға алдын ала дайындамаған жеке тұрғын үйлерде болады. Тұрмыстық тұншықтырғыш газдан басқа уланудың қандай түрлері бар екенін Алматы қаласының мектеп оқушылары интерактивті сабақ барысында білді. Уланудың салдары қандай болатынын, қандай алдын алу шараларын жүргізу керек екенін және тұншықтырғыш газдан уланған зардап шеккендерге қандай көмек көрсету керек екенін Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» №1 Қосалқы станцияның аға дәрігері Татьяна Ивановна Спариш жан-жақты айтып берді. Сабақ бейне роликпен және слайд түріндегі көрнекі құралдармен сүйемелденді. Интерактивті сабақ өткен Қалалық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының деректері бойынша сабаққа Алматы қаласының 44 мектебі қосылған болатын.