- Шымкент қаласындағы жедел медициналық көмек көрсетуді Жедел медициналық көмек станциясы (ЖМКС) жүзеге асырады.
- ЖМКС оқиға орындарында және жолда күрделі аурул болған ауыр жағдайлар, созылмалы сырқаттардың асқынуы, төтенше жағдайлар, жарақаттар, улану, жүктілік пен босану кезіндегі шұғыл жағдайда қаланың ересек тұрғындары мен балаларға тәулік бойы тегін жедел медициналық көрсететін медицина ұйымы болып табылады.
- Шұғыл медициналық көмек көрсету жұмысын арнайы емдеу-диагностика жабдықтарымен, дәрі-дәрмектермен (ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген тізбеге сай) және медицина персоналымен қамтылған жедел медициналық жәрдем (ЖМК) бригадалары жүзеге асырады.
- Шақыру үшін «103» нөміріне хабарласу керек.
- ЖМКС жедел медициналық жәрдем бригадаларын жолдайды.
5.1. Келіп түскен шақырулар аурудың сипаты, бейіні бойынша өңделіп, ЖМЖ бригадасына жіберіледі. Көшпелі бригадалар келесі жағдайларда жолданады:
5.1.1. төтенше жағдайлар, жарақаттар мен уланулар кезінде пациенттерге ЖМЖ көрсету мен тасымалдау үшін;
5.1.2. аурулар кезінде, соның ішінде пациент пен оның жан-жағындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін психикалық аурулар кезінде;
5.1.3. босану және жүктіліктің ауыр жағдайы кезінде;
5.1.4. шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттерді ауруханаға жатқызу үшін тасымалдау, соның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдары мамандарының шақыруы бойынша;
5.2. шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды талап ететін ауыр жағдайлар кезінде МСАК ұйымдары мамандарының шақыруы бойынша науқастарды ЕПҰ жеткізу үшін шақырады.
МСАК дәрігері науқасты тасымалдау үшін ЖМЖ бригадасын шақырғанда өзінің аты-жөні мен жұмыс орнын, лауазымын атайды, сонымен бірге бригаданы шақыру себебін негіздеме береді.
6. МТҚ – 103 телефоны бойынша келіп түскен шақыруларға шұғыл қызмет көрсету жөніндегі мәселені Жедел медициналық көмек станциясының кезектегі аға дәрігері қарайды. Өтінімді қабылдаудан бас тарту жағдайында аға дәрігер өзінің аты-жөнін атап, мұндай жағдайда қайда немесе медициналық көмек алу үшін қайда (емханаға, кеңес беру орындарына, диспансерге және т.б.) жүгінуі қажеттігі туралы тиісті нөмірлерді көрсете отырып, мәлімет беруі тиіс.
7. ЖМКС шақыруларды қабылдамайды және келесі жағдайлар кезінде шақыру орындарына бармайды:
7.1. шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін жағдайда;
7.2. МСАК ұйымдарының жұмыс істеу уақыттарында өмірге қауіп төндірмейтін жағдаяттар кезінде медициналық көмекті талап ететін жағдайлар кезінде;
7.3. медицина ұйымдары тағайындаған диагностикалық және емдеу шараларын орындау қажеттілігі үшін;
7.4. шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін зардап шеккен тұлғаларды, пациенттер мен жүкті әйелдерді тасымалдауға;
7.5. соттық-наркологиялық, соттық-медициналық, соттық-психиатриялық сараптамалар жүргізу үшін;
7.6. медицина ұйымдарында консультациялық көмек көрсету үшін;
7.7. пациенттерді стационарлардан үйге жеткізу үшін;
7.8. қайтыс болу дерегін куәландыру мен дайындау үшін.
8. жедел медициналық жәрдем қызметін шақырған тұлға ЖМКС шақыруды қабылдаушы диспетчердің барлық сұрақтарына нақты жауап беруге міндетті. Шақырушы тұлғаның немесе науқастың/зардап шеккен тұлғаның дәл мекенжайы мен телефон нөмірін (үйге жету жолдарын, подъездің кодын); науқастың аты-жөнін, жасын, жынысын және науқастың ахуалы туралы немесе төтенше жағдай немесе сырқаты туралы қысқаша ақпарат беруі қажет. Мұндай ақпараттар жіберілетін бригаданың бейінін анықтау және науқастың мекенжайын іздеуге уақытты шығындамай, шақыру орнына мерзімінде жету үшін қажет. Мүмкіндігінше, бригаданы көшеде, қақпаның алдында немесе үйдің подъезінде күтіп алған жөн.
9. аурухана жатқызу қажет болғанда науқастың туысы немесе танысының біреуі жедел медициналық көмек бригаласының рұқсатымен ілесе алады.
10. Ауруханаға жеткізілген науқастар мен зардап шеккен тұлғалар туралы ақпарат ЖМКС анықтама орнының телефондары бойынша беріледі.
11. Үйде қалдырылған науқастарға емхананың бөлімше дәрігері үшін толық емдік көмек тізімі көрсетілген сигнал парақшасы беріледі.
12. Тұрғындардың ҚПДО жүгінуіне негіздеме болып табылады:
12.1. науқастың психикалық жағдайдың бұзылуы салдарынан болған оғаш мінез-құлқы (психомоторлық қозу, галлюцинация, сандырақтау, сананың бұзылуы синдромы), өзіне және қоршаған адамдарға тікелей қауіп төндіретін әлеуметтік-қауіпті мінез-құлық ықтималдығы.
12.2. суицидтік үрдісі бар депрессия;
12.3. тұлғаның терең психикалық кемістігі (ақыл-ес кемістігі), тиісті күтімі болмаған кездегі дәрменсіз күйі.
Шұғыл және жедел психиатриялық көмекті Қалалық психикалық денсаулық орталығының шұғыл психиатриялық көмек бригадалары көрсетеді.
13. Жедел медициналық көмек станциясында берілмейді:
13.1. еңбекке жарамсыздық парағы;
13.2. соттық-медициналық қорытынды;
13.3. алкогольдік, есірткілік мастануды растау актілері;
13.4. науқастың немесе олардың туыстарына қандай да бір жазбаша анықтама.
14. Жедел жәрдем бригадасына негізсіз қоңырау шалған немесе әдейі жалған мәліметтер келтірген тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 334-бап «Арнайы қызметтерді білетін жалған шақыру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
15. Қажет болған жағдайда азаматтар мен ішкі істер органдарының өкілдері науқасқа немесе жәбірленушіге, сондай-ақ жедел жәрдем бригадаларына көмек көрсетуге міндетті.