ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІМЕН!

 Алматы қаласының Медициналық жедел жәрдем қызметінде әртүрлі мамандықтағы, ұлт өкілдері мен салалардағы мамандар жұмыс істейді. Дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер сияқты медицина қызметкерлерімен қатар, диспетчерлер, жүргізушілер, техникалық және әкімшілік қызметкерлер де маңызды рөл атқарады. Осындай алуан түрлілікке қарамастан, бізді ортақ құндылықтар — өзара құрмет, қолдау және іске адалдық біріктіреді. Біз — әрқайсысы маңызды және қажет болатын үлкен отбасы секілді тату ұжымбыз. Осы тамаша мереке қарсаңында Қызмет директоры Арман Серікбаевич әріптестерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіреді:

"1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — түрлі ұлттар арасындағы достық пен татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің айқын көрінісі.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, жұмыстарыңызға табыс пен шабыт тілеймін.

Әр шаңырақта шаттық пен жылулық, жүректеріңізде мейірім мен өзара түсіністік орнасын!"

Құрметті әріптестер, мерекелеріңізбен!

WhatsApp Image 2025-04-30 at 21.11.46.jpeg