АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

WhatsApp Image 2025-04-15 at 14.29.48.jpegWhatsApp_Image_2025-04-15_at_14.29.48_1.jpg

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланып, қоғамда адам еңбегінің мәртебесін көтеруге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше назар аударылуда. Осы бағыт аясында

жоғары деңгейде өткен республикалық «ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ» байқауы маңызды оқиғаға айналды.Байқау қорытындысы бойынша кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және шұғыл медициналық

көмек көрсету жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Акбутаев Алмас Эмильұлы алғыс хатпен марапатталды. «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Азірет Сатылғанов

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем қызметі» директоры Арман Серікбайұлы Тойбековке және 11-подстанцияның меңгерушісі Айдын Сабырғалиұлы Сармалаевқа

байқауға қатысқаны және ортақ іске қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. «Еліміздің дамуы мықты кәсіби байланыстар мен мәдени-рухани бірлікте жатыр. Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі нығая беретініне

сеніміміз мол», – делінген орталықтың ресми хатында.  Бұл байқау тек еңбекті мойындау ғана емес, сонымен қатар адал еңбек пен қоғамға деген шынайы қызметтің маңыздылығын еске салған айтулы шара болды.