АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНЫНЫҢ КӨТЕРМЕЛЕУІ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қалалық «Жедел медициналық жәрдем қызметі» ШЖҚ КМК директоры Арман Тойбеков пен оның стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Павел Бурданы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапаттады. Олардың азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға қосқан адал еңбектері мен ынталары қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған маңызды іс-шараларды жүзеге асыруға өз үлесін қосты.

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.54.21.jpegWhatsApp Image 2025-04-08 at 17.54.21 (1).jpeg