ЖЫЛ БАСЫ – НАУРЫЗДЫҢ БАСТЫ КҮНІ

22 наурыз – көктемгі жаңару мен жақсылықтың бастауы, Жыл басы мерекесі. Бұл – табиғаттың жанданатын, күн мен түннің теңесетін, жаңа өмірдің бастау алатын ерекше күні. Қазақ халқы үшін Жыл басы – береке мен ырыстың, бірлік пен татулықтың нышаны.  Бұл күні адамдар бір-біріне ақжарма тілектер айтып, үлкендердің батасын алады, ренжіскендер татуласып, үйлерінде мерекелік дастархан жайылады. Наурыздың басты тағамы – наурыз көже дайындалады. Оның құрамындағы жеті түрлі дәм – молшылық пен берекенің белгісі. Сондай-ақ, бұл күні алтыбақан тебу, ұлттық ойындар ойнау, ақ сүйек, көкпар, бәйге сияқты дәстүрлер жанданады. 7-ші жедел жәрдем қосалқы станциясының қызметкерлері осы ұлы күннің барлық салт-дәстүрлерін өз бейнероликтерінде көрсетті. Олар Наурыздың негізгі ритуалдарын, соның ішінде наурыз көже таратуды, бата беруді, ұлттық ойындарды ойнауды көрсетіп, мерекенің рухын ерекше сезіндірді. Олардың бастамасы – қазақ халқының бай мұрасын дәріптеудің және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі. Жыл басы құтты болсын! Әр шаңыраққа молшылық, татулық пен береке әкелсін!

 1613121363_photo.gif