ЫНТЫМАҚ – БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚ КҮНІ.

 Наурыз – бұл тек табиғаттың көктемгі жаңаруы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіретін мереке. Наурызнама аясындағы маңызды күндердің бірі – Ынтымақ күні, ол халықтар арасындағы бірлік, татулық және достыққа арналады.  Бұл күні адамдар өзара түсіністік, құрмет пен қолдаудың маңыздылығын еске алады. Ынтымақ – қоғамның мықты және мейірімді болуына ықпал ететін береке мен келісімнің белгісі. Бұл – отбасылардың, көршілердің, достардың бас қосып, мерекелік көңіл-күйді бөлісетін, түрлі этнос өкілдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын кез.  3-ші жедел жәрдем қосалқы станциясының қызметкерлері осы бірліктің үлгісін өз бейнероликтерінде көрсетті. Олар халықтар арасындағы достық пен өзара құрметтің тек сөз жүзінде емес, күнделікті жұмыста, өзара қолдау мен жылы қарым-қатынаста көрініс табатынын айқындады. Олардың мысалы қоғамдағы бірліктің – берік және бақытты өмірдің негізі екенін тағы да дәлелдейді.  Ынтымақ күні баршамызға бейбітшілік пен достық әкелсін, жүрегімізді жақындастырып, кез келген қиындықты бірлесіп еңсеруге жігер берсін!

 fb_img_1711012653522.jpg