НАУРЫЗНАМА: ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

Ұлттық киім күні – қазақ халқының бай мәдениеті мен бірегейлігін айшықтайтын маңызды мереке. Бұл күні адамдар ата-бабамыздан қалған дәстүрлерге құрмет көрсетіп, ұлттық киімдерін киеді. Бұл мереке ұрпақтар сабақтастығын, бірлікті және ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезімін білдіреді.
Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметінің №4 қосалқы станциясының қызметкерлері бұл күнді жыл сайын қазақтың ұлттық киімін киіп атап өтеді. Бұл игі дәстүр ұжымды біріктіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Дәрігерлер мен фельдшерлер шапан, камзол және басқа да ұлттық киім элементтерін киіп, өз мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетеді.
Наурыз – жаңару мен бірліктің символы!

 1532270984_1532270922.jpg