ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ

Наурызнама декадасының екінші күні, 15 наурыз, Қайырымдылық күніне арналады. Бұл күн мейірімділікті, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуді және көмек қолын созуды білдіреді. Осы күнге орай Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметінің 11-ші қосалқы станциясының қызметкерлері игі бастама көтеріп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Олар қажетті азық-түліктер мен тұрмыстық керек-жарақтарды сатып алып, «Перзент» балалар үйіне арнайы барды. Жедел жәрдем қызметінің мамандары балаларға тек қажетті заттарды ғана емес, сонымен қатар өздерінің жылулығы мен қамқорлығын да сыйлап, бұл күннің басты қағидалары – жанашырлық пен қолдауды іс жүзінде көрсетті. Бұл игі іс Наурыз мейрамының дәстүрлері адамдарды қайырымдылыққа шабыттандырып, қоғамды мейірімділік пен бірлікке үндейтінін тағы бір дәлелдеді.

  

Screenshot 2025-03-18 153619.png