НАУРЫЗНАМА
«Көрісу күні – Амал мерекесі»
Қазақстанда көктем мерекесі – Наурыз жыл сайын аталып өтеді. 2024 жылдан бастап мерекелеуге Наурызнама онкүндігі
енгізілді. Онкүндіктің әр күні қоғам үшін маңызды белгілі бір тақырыпқа және құндылықтарға арналады: бірлік, мейірімділік,
мәдениет, отбасы, спорт және экология.
Онкүндіктің алғашқы күні – Көрісу күні, ол 14 наурызда атап өтіледі және табиғаттың жаңаруын, адамдар арасындағы
жылы қарым-қатынасты, үлкендерге деген құрметті білдіреді. Бұл күн Амал мерекесі деп те аталады және дәстүрлі Шығыс
Жаңа жылы – Наурыздың жаршысы болып саналады.
Көрісу күні – бұл тек көктеммен қауышу ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік дәстүр. Бұл күні адамдар бір-бірін
құшақтап, ізгі тілектерін білдіреді, кешірім сұрап, туыстық және достық байланыстарын нығайтады. Сондай-ақ үлкен кісілерге
барып, оларға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейді.
Осы мерекеге орай Алматы қаласы Медициналық жедел жәрдем қызметінің №1 қосалқы станциясының қызметкерлері
Көрісу күніне арналған арнайы бейнеролик әзірледі. Онда мерекенің мәні, оның дәстүрлері және жылы кездесулердің,
үлкендерді құрметтеудің, қоғамның бірлігінің маңыздылығы көрсетілген.
«Көрісу күні – Амал мерекесі» әр үйге бейбітшілік, амандық және қуаныш әкелсін!