Жыл сайын жаңа жылдың басталуымен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының кестесіне сәйкес ШЖҚ "Медициналық
жедел жәрдем қызметі" КМК жалпы жиналысында 2024 жылдың қорытындысы бойынша қызметті талдаудың жылдық есебі ұсынылады.
Тәуелсіз бақылаушы ретінде есепті жиналысқа кәсіпорынның Бақылау кеңесінің төрағасы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық
жедел жәрдем кафедрасының меңгерушісі Ахметова Гүлсім қатысты. Есептің жалпы мәліметтері бойынша кәсіпорынның 2024 жылғы жұмысының
сапалық және сандық көрсеткіштері нақты көрсетілген. Индикаторлардың, қол жеткізілген мақсаттар мен міндеттердің орындалуы туралы талдау
ұсынылған.Проблемалық мәселелер мен шешу жолдары көрсетілген.Есепте жедел жәрдем директоры Арман Серікбайұлы Тойбеков сөз сөйлеп,
сұрақтарға жауап берді, МЖЖҚ-ның ағымдағы жұмысы және 2025 жылға қойылған міндеттердің уақтылы іске асырылуы туралықосымша ақпаратты
түсіндірді. Кәсіпорынның 2024 жылғы қызметі қанағаттанарлық бағаланады.