Бүгін Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа жылдық мереке күндері қарсаңында өрт және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналған брифинг өтті. Пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану тақырыбына ерекше назар аударылды. Спикерлер ретінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Кәрімжан Рахман Кәрімжанұлы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Дулат Жандар Елдосұлы, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Серікұлы және Жедел медициналық көмек қызметінің медициналық бөлімі директорының орынбасары Андрей Ложкин қатысты.
Жыл сайын Алматыда жаңа жыл мерекелерінде орта есеппен 11 өрт болады, оның 18% жуығы пиротехникалық бұйымдармен байланысты. Құтқару қызметінің басты міндеті осындай жағдайлардың алдын алу және қалалықтарды қорғау. Мамандар балаларды фейерверктер мен петардаларды іске қосуға жібермеуге кеңес береді, бұл қасіреттерді болдырмауға көмектеседі.
Медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин ата-аналарды мереке күндері балаларды мұқият бақылауға шақырды, себебі пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан өткен жылы 18 адам, оның ішінде 11 бала медициналық көмекке жүгінген. Сондай-ақ жасы бойынша зардап шеккендер үрдісі өзгерді. 2020 жылы зардап шеккендердің 80% -ы балалар мен жасөспірімдер болса, өткен жылы жарақаттанғандардың 80% -ы - 18-30 жас аралығындағы жастар.
Алматы қаласының медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкиннің түсіндіруінше, пиротехникадан болатын жарақаттардың сипаты әр түрлі, бірақ көбінесе көз бен қол сүйектері зардап шегеді. Пиротехниканың қызған бөлшектері шырышты қабатқа және теріге түсіп, күю мен кесуге әкеледі.
- Егер көз зақымданса, таза матаны немесе сүлгіні суық сумен сулап, зақымданған көзге жағыңыз. Суық жағу ауырсынуды басатын әсер тудырады. Сондай-ақ, егер ауру мүлдем шыдамсыз болса, үйде бар парацетамол, анальгин немесе басқа да ауырсынуды басатын заттарды қабылдау керек. Негізгі принцип - салқындату, ауырсынудан арылту, әрі қарай шешімді медицина қызметкерлері қабылдайтын болады. Жақпамайлармен эксперимент жасаудың қажеті жоқ, өйткені бұл жараны одан әрі емдеуде қиындықтар туғызады, - дейді дәрігер.
Ең бастысы, оның айтуынша, тез арада медициналық көмекке жүгіну.