АЛМАТЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ «ШҰҒЫЛ КӨМЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласының «Медициналық жедел жәрдем қызметінде» шұғыл медициналық көмек қызметінің қызметкерлерін құрметтеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Қызметтің директоры Тойбеков Арман Серікбайұлы ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, жұмыста табыс және отбасында амандық тілей отырып, жанқиярлық еңбегі мен мамандыққа берілгендігі үшін терең алғысын білдірді.
— Жедел жәрдемде жұмыс істеу тек жоғары кәсіпқойлықты ғана емес, сонымен қатар үлкен шыдамдылықты, адамгершілікті және кез келген сын-тегеуріндерге дайындықты талап етеді. Сіздердің еңбектеріңіз-қоғамға шынайы қызмет етудің үлгісі, - деп атап өтті Арман Серікбайұлы.
Іс-шарада сегізінші қосалқы станцияның дәрігері Шынар Болатқызы Бекмұхамбетоваға ерекше назар аударылды, ол 24 жылдан астам уақытын өз кәсібіне арнады. Шұғыл медициналық көмек жүйесін дамытуға қосқан баға жетпес үлесін мойындау үшін Қазақстан Республикасының  медициналық жедел жәрдем қауымдастығы оны «Шұғыл көмек ардагері» медалімен марапаттады.
Сонымен қатар, салтанатты жиын аясында көптеген қызметкерлер Алматының жедел жәрдем басшылығынан, «AMANAT» партиясынан, сондай-ақ «SENIM» және «AQNIET» кәсіподақтарынан алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын алды.

main

main

main

main

main

main

main