2024 жылдың 08 қыркүйегінде 20 сағат 07 минутта Алматы қаласының 103 пультіне Алматы қаласының тауларында адасып кеткен туристер, соның ішінде 14-21 жастағы жастар мен 44 жастағы екі ересек адам туралы хабар келіп түсті.
Үлкен Алматы көлінен жоғары шыңда туристік топ күн батқанға дейін оралып үлгермеді, нәтижесінде тәуліктің қараңғы мезгілінде топ екіге бөлінді, онда 7 адам жоғалып, 5 адамнан тұратын басқа топ 112 байланысына шығып, бағыт жоғалтқандары, яқ-қолдардың жарақаттануы және организмнің тоңып қалуы туралы хабарлады. Құтқару және медициналық жедел жәрдем бригадалары туристерді іздеуге және құтқаруға жіберілді.
Іздестіру-құтқару операциясы 15 сағаттан астам уақытқа созылды. ТЖМ қызметкерлері түнгі уақытта күрделі жағдайларда - жартасты рельефте және төмен температурада іздестіру жүргізді, түнде 5 адамнан тұратын туристердің бірінші тобы табылды және ертеңгі күні таңертең туристердің екінші тобы да табылды, олар қатты шаршап, тоңып қалған.
Тікұшақ зардап шеккендерді қарауға және медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көліктеріне эвакуациялады, 12 адамның 8-і Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, үшеуі ауруханаға жатқызудан бас тартты, 44 жастағы сынған жарақат алған ер адам әуе кемесімен жеткізіліп, ОАА-ға жатқызылды.
2024 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» жиналысында директор Арман Серікбайұлы Тойбеков осы түні кезекшілік еткен барлық қызметкерлерге шын жүректен алғысын білдірді, сондай-ақ ТЖ операциясында тікелей жұмыс істеген АЖДБ (ақпараттық жедел диспетчерлік бөлімі) диспетчерлері мен № 5 қосалқы станциясының жедел жәрдем бригадаларының қызметкерлерінің төтенше жағдайдағы ерен еңбекерін атап өтті. Барлық кезекшілер Алғыс хаттармен марапатталды және «SENIM» кәсіподағының атынан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.