Міне, 34 жыл бойы жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде біздің қымбатты әріптестеріміздің кәсіби мерекесі - Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі!
Осынау жарқын мерекеде медицина қызметкерлері үлкен құрмет пен құттықтауларға ие болады. Және де сыйлық пен марапатсыз болған жоқ.
2024 жылдың 14 маусымында Дәрігерлер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, Өз кезегінде Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» директоры Арман Серикбаевич Тойбеков 12 қосалқы станцияның, ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімнің және әкімшілік бөлімнің барлық қызметкерлерін құттықтап, жақын арада әуежай ауданында жаңа 13-ші қосалқы станцияның ашылатыны туралы жақсы жаңалықтарымен бөлісті, сонымен қатар қосалқы станцияның жаңа қызметкерлерін таныстырды.
Салтанатты іс-шарада жедел жәрдем қызметкерлері Денсаулық сақтау министрінен - «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау үздігі» және «Еңбек ардагері», «AMANAT» партиясынан - «Қоғамдық үлесі үшін» және «AQNIET» кәсіподағынан - «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. «SENIM» кәсіподақ ұйымынан «Үздік фельдшер» атағы үшін сертификат берілді. Алғыс хаттар мен грамоталарды Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан, Қазақстан Республикасы Медициналық жедел жәрдем қауымдастығынан, Алматы қаласы әкімдігінен, Алмалы және Медеу аудандары әкімдерінен, сондай-ақ «AQNIET» және «SENIM» кәсіподақтарынан алды.
Медициналық жедел жәрдем қызметінің жұмысы денсаулық сақтау саласындағы ең күрделі жұмыстардың бірі, бұл еңбек жоғары біліктілікті, шыдамдылық пен беріктікті талап етеді! Алғашқы болып көмекке жететін асыл жандарды құттықтаймыз. Әрқашан шақыруға үлгеріп, пациенттерді дер кезінде ауруханаға жеткізуге болады. Сирена дыбысы мен машинадағы қызыл крест әрқашан зардап шеккендерге жедел, сапалы және уақтылы көмек көрсетуді білдірсін. Қиын жағдайлардың аз болуын, әрқашан сәтті нәтижелер мен сіздер құтқарған адамдардың толық сауығуын тілейміз. Баршаңызға отбасында амандық, мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!
Мерекелеріңізбен, медициналық жедел жәрдемнің нағыз батырлары!