Алматы қаласының «Медициналық жедел жәрдем қызметі» командасы Литвадағы халықаралық жарыстарда жүлделі орынға ие болды

WhatsApp Image 2019 05 28 at 05.51.16 1

23-25 мамыр аралығында Бирштонас қаласында медициналық жедел жәрдем көрсету бойынша халықаралық жарыстар өтті, оған 5 елден 40 команда қатысты.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-кәсіби біліктілікті арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Алматы қ. «103» қызметінің командасы Германия, Литва, Латвия, Белоруссия және Қазақстан сияқты шетелдік командалар арасында 2 орынға ие болды. Команда құрамы: Ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімінің аға дәрігері Кулетов Есенгали, №8 қосалқы станция фельдшері Кивиров Мансуржан, №5 қосалқы станция фельдшері Шардинова Эльвира.

Жарыс әр түрлі көмек көрсету түрлері бойынша өтті, бұл түрлі жарақаттар, жаңа туған нәрестелердің жүрек-өкпе реанимациясы, жаппай зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа да стандартты емес жағдайлар. Командалық жұмыс көмек көрсетудің нақтылығы, дұрыстығы және сапасы үшін бағаланды.

Жарыстың ұйымдастырушылары «Кризистерді зерттеу орталығы» Литваның жедел медициналық көмек көрсету мекемелерінің қауымдастығы, Литваның шұғыл медицина қоғамы және басқа да серіктестер шынайы жағдайды жасау үшін күш салды. Емделушілер ретінде арнайы актерлер тартылды.

Медициналық жедел жәрдем қызметінің басшылығы жүлдегерлерді құттықтайды және денсаулық, бақыт, амандық, жұмыста табыс тілейді.