Алматы қ. «103» қызметінің №5 қосалқы станциясының аға дәрігері оқушыларға интерактивті сабақ өткізді.

19 05 2019Жазғы демалыс алдында №5 қосалқы станциясының аға дәрігері Балжан Ермековна Таджибаева «жазғы демалыс басталар алдындағы ұсыныс», «Суға шомылу маусымы», «Күн сәулесінің өтуі», «Ішек инфекциялары»  тақырыбында оқушыларға арналған интерактивті сабақ өткізді.

Шомылу кезеңінің ашылуы, күн көзінен соққы алу қаупі, ішек ауруының өршуі  сияқты жазғы маусымның басталуының өз ерекшеліктері бар. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет

Күн көзі соққысының не екенін білу және оны болдырмас үшін қалай сақтану жолдарын, шомылу кезінде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау және ішек инфекцияларынан қалай қорғану керектігі жайлы қосалқы станцияның аға дәрігері оқушыларға айтып берді.