Алматы қ. «103» қызметінің №8 подстанция меңгерушісінің міндетін атқарушы оқушыларға интерактивті сабақ өткізді

18 04 2019 1

Алматы қаласының мектеп оқушыларына арнап № 8 қосалқы станция меңгерушісінің м.а. Тайтелиев Қуат интерактивті сабақ өткізді.

Көктемнің келуімен және жылынуымен жәндіктердің өмірі жанданады. Кене энцефалиті табиғатта белсенді демалуды ұнататын жандар үшін маңызды тақырыптардың бірі. Алайда, кененің шағуына қаланың орталығында да ұшырауымыз мүмкін. Бұл жәндіктер саябақтарда және саяжайларда жақсы кездеседі және бейімделеді. Интерактивті сабақ өткізу барысында №8 қосалқы станциясының меңгерушісі оқушыларға энцефалит, кенелердің түрлері туралы және осындай жәндіктердің тістеуінен әкелуі мүмкін жағдайлар туралы айтып берді. Маңызды ұсыныстарды атап өтіп, слайдта көрсете отырып, тістеу кезінде міндетті түрде жақын жердегі медициналық мекемеге жүгіну қажет екенін атап өтті.