Алматы қаласы «103» қызметі қызметкерлері «тұншықтырғыш газбен уланғанда алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбына мектеп оқушыларына арналған интерактивті сабақ өткізді

1edbc219 89bb 46c9 9919 50e8769cffda

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «жедел медициналық жәрдем станциясы» № 11 қосалқы станцасының қызметкерлері қалалық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығында кезекті интерактивті сабақ өткізді. Сабақ тұншықтырғыш газбен уланғанда алғашқы медициналық көмекті көрсетуге арналды. Қарқынды бригада дәрігері Есенкулова Сезим Мелисовна балаларға уланудың қауіптілігі, уланудың қандай белгілері және «103» бригадасы келгенге дейін зардап шеккендерге қандай көмек көрсете алатындарын айтып берді. Фельдшер Сагумжанов Айбек Ришатұлы жүрек-өкпе реанимациясының дұрыс өткізілу жаттығуларын көрсетті. Сабақ теориялық бөлімнен слайдтық сүйемелдеу және манекендегі машықты пысықтаумен өтті.

 

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем станциясы» МКК

Баспасөз қызметі