Алматы қ. «103» бригадасы РКШЖ «Қыс-2018» қатысты

02 11 2018

Алматы қ. «жедел жәрдем станциясы» бригадасы «Қыс-2018» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті РКШОЖ аясында Алатау ауданының тіршілікті қамтамасыз ету стратегиялық объектілерінің бірі-ЖЭО- 2 аумағында аумақтық тактикалық-арнайы оқу-жаттығу (ТАЖ) өткізді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты қысқы кезеңде ықтимал төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық деңгейін арттыру болды.

ЖЭО-2 құрылымдары, сондай-ақ Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

 ШЖҚ МКК «медициналық жедел жәрдем станциясы»

Баспасөз қызметі